Мәжіліс депутаттарын да, барлық деңгейдегі мәслихаттарға да бір күні, 19 наурызда сайлау өткізу ұсынылады. Біз ОСК мүшелерімен бұл мәселені талқыладық. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкенттің аумақтық сайлау комиссияларына тиіс шаралар қабылдауды тапсырамын, — деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров отырыс барысында.
ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылған мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын орталық сайлау комиссиясы президенттің жарлығы негізінде тағайындайтынын және мәслихаттар өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей өткізілуге тиіс екенін айтты.
Айта кетейік, кандидаттарды ұсыну 20 қаңтарда басталып, 8 ақпанда сағат кешкі 18:00-де аяқталады.