Алматы қалалық полиция департаменті бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып жатқанын хабарлады.
Әлеуметтік желілерде Розыбакиев көшесіндегі «Мега» сауда орталығының ауданында ер адам өзінің құрбысын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады.
Сараптамалар жүргізіледі. Кісі өлтіру мен өзін-өзі өлтірудің мән-жайы анықталып жатыр, — делінген хабарламада.