Басты бетЖаңалықтарАрыстанбек Мұхамедиұлын...

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі қайта ұзарды

17 қаңтарда Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А. Мұхамедиұлына қатысты қамауда ұстау шарасының мерзімін бір айға ұзартты, — делінген хабарламада.

Еске салсақ, былтыр 29 мамырда Арыстанбек Мұхамедиұлы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды.

Антикор ұлттық музейдің бұрынғы басшысына «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген айып тақты.