Басты бетЖаңалықтарМемлекет басшысы...

Мемлекет басшысы «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Әсел Жанасованың айтуынша, қаржылық жағдайды оңалту, әлеуметтік банкті дамыту және қаржылық қызметтердің рөлін күшейту, қолданыстағы инфрақұрылымдар базасында мемлекеттік қызметтерді ұсыну мүмкіндігін кеңейту, сонымен қатар электрон коммерция мен халықаралық сәлемдемелерге баса мән бере отырып, дәстүрлі пошта бизнесінің тиімділігін арттыру басым бағыттар болады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа бизнеске ауылдың әрбір тұрғынына қызмет көрсету және тауар жеткізу мүмкіндігін беру үшін компанияның инфрақұрылымын, логистикалық және бөлімшелік желісін дамытуға қатысты жоспары туралы мәлімет берілді.

Кездесу соңында мемлекет басшысы аймақтардағы пошта операторы жұмысының әлеуметтік маңыздылығына назар аударып, аталған бағыттар жөніндегі стратегияны жүзеге асыру ісін жалғастыруды тапсырды.