Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда соңғы...

Қазақстанда соңғы қоңырау 1 маусымда соғылады

Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова айтты.

Барлық қазақстандық мектепте оқу жылының ұзақтығы — 36 апта. Дәстүр бойынша, оқу жылының бірінші күні — 1 қыркүйек, ал биылдан бастап соңғы оқу күні — 31 мамыр. Бұл күні оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес, сабақтармен қатар, сабақтан тыс шаралар өткізіледі. 1 маусым — жазғы каникулдың алғашқы күні, сонымен қатар, бұл күні балаларды қорғау күнімен қатар, мектептерде соңғы қоңырау мерекесі өткізіледі, — дейді Гүлмира Кәрімова видеода.

Еске салайық, бұған дейін мәжілістің жалпы отырысында депутат Аманжол Әлтай оқу-ағарту министрлігінің соңғы қоңырау күніне қатысты бұйрығына наразылығын білдірген еді.