Басты бетЖаңалықтарАлматыдағы Саин...

Алматыдағы Саин көшесін ұзарту жұмыстары қашан аяқталады?

Қала әкімінің айтуынша, былтыр Алатау ауданында бірнеше көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2022 жылы Алатау ауданында 53 көшедегі ұзындығы 42 километр жолға орташа жөндеу, сонымен қатар 35 көшеге жөндеу жүргізілді. Жыл соңына дейін Алғабас және Шаңырақ-1 шағынаудандарында 40,5 километр жаңа жолдың құрылысы аяқталады. Сонымен қатар осы жылдың III-тоқсанында Шапағат шағынауданында сумен жабдықтау және канализация желілерін салу аяқталғаннан кейін 4,8 километр жаңа жолдың құрылысы басталады. 2023 жылы біз ұзындығы 38 километр болатын 50 көшеге орташа жөндеу жүргізуді жоспарлап отырмыз, – деді Ерболат Досаев.

Сонымен бірге әкім биыл Саин көшесін ұзарту жұмыстары аяқталатынын жеткізді.

Биыл желтоқсан айында Мөңке би көшесінде көлік жолайрығын салып, Саин көшесін ұзарту жұмыстарын аяқтау жоспарланған, соның арқасында қаланың негізгі магистралдық көшелерінде, яғни Рысқұлов даңғылы мен Момышұлы көшесінде, сонымен қатар аудандық маңызы бар көшелерде көлік легі айтарлықтай азаяды, – деді әкім.