28 ақпанға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидрометтің" болжауынша, бүгін, 28 ақпанда еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды, құбылмалы, тек республиканың оңтүстік және шығысында күн ашық болады.

Фото: Reuters.com

Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, аздап боран соғады, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей аймақтарында тұман, аздап боран соғып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Павлодар облысында көктайғақ, аздап боран соғып, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қарағанды облысының бірқатар аумақтарында тұман, жаяу бұрқасын жүріп, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады, жел күші 15-20 м/с дейін артады.

Алматы облысында 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғып, Жалаңашкөл ауданында екпіні 28 м/с дейін жетеді.

Жамбыл, Қызылорда, түнде Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман басады.

Атырау, күндіз Ақтөбе облыстарының кей аймақтарында тұман, көктайғақ болады деп болжанып отыр.

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version