Басты бетЖаңалықтарҰлттық банктің...

Ұлттық банктің долларға қатысты ресми бағамы белгіленді

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 464,34 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 6,76 теңге.

18 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллар 0,15 теңгеге қымбаттап, 464, 25 теңгені құрады. Ресей валютасы 6,73 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 463 – 467 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар 463,5– 466,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 6,35– 6,65 теңгеге сатып алуға болады.