Басты бетҚуандық Бишімбаевтың...

Қуандық Бишімбаевтың қамаудағы мерзімі ұзартылды

Астаналық сот мәліметінде: «Бишімбаевқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы 10 сәуірге дейін ұзартылды»,-деп жазылған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Бәйтерек ҰБХ» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросы хабарлағандай, ол бір топ адаммен алдын ала келісіп, бірнеше рет ірі көлемде пара алды деп айыпталуда.

Қуандық Бишімбаев Қызылорда қаласында табақ шыны шығаратын және өңдейтін зауыт салу кезінде «Orda Glass» ЖШС-ның ведомстволық бағыныстағы компаниясы мен оның мердігерлік ұйымы «Шымкентхиммонтаж» ЖШС арқылы 1 млрд теңге жымқыру қылмыстық схемасын ұйымдастырған деген күдікке ілінді. Осы орайда ол аталған соманың 2 млн АҚШ долларын өзіне алғандығы тексерілуде.

Биылғы 10 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросы бұрынғы ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты ұстағандығы хабарланған болатын. Үш күннен кейін экс-министр екі айға тұтқындалғандығы туралы ақпарат тарады.

ДереккөзInform.kz