Премьер-министр өңір әкімдеріне тапсырма берді

Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстарында "Ауыл - ел бесігі" ұлттық жобасына бөлінген қаржыны игеру және жобаларды іске қосу деңгейі төмен.

Премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет отырысында аталған өңір әкімдеріне нақты тапсырма берді.

«Ауыл — ел бесігі» жобасын іске асыру үшін ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. 2027-жылға қарай әлеуеті жоғары 3,5 мың ауылдың бәрін өңірлік стандарттар жүйесіне сай дамыту жоспарланып отыр. Оған сәйкес, ауылдарда сапалы жолдар мен мәдениет, спорт және денсаулық сақтау объектілері, мектептер міндетті түрде болуы тиіс, сонымен қатар ауыл инфрақұрылымын дамытуға баса мән беріледі. Біздің басты мақсатымыз — ауылдағы өмір сапасын жақсарту, — деді премьер-министр.

Оның айтуынша, ауылдарды дамытуға бағытталған шаралардың нақты нәтижесі көңіл көншітпейді.

Былтыр «Ауыл — ел бесігі» жобасы шеңберінде тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, көлік, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салалары бойынша жалпы құны 326 миллиард теңге болатын 3,6 мың жоба іске асырылды. Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында бөлінген қаражатты игеру және жобаларды пайдалануға беру қарқыны жақсы. Ал, кейбір өңірлерде бұл жұмыс ақсап тұр. Мәселен, Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстарында қаржыны игеру және жобаларды іске қосу деңгейі төмен. Аталған өңір әкімдері «Ауыл — ел бесігі» жобасын іске асыруға ерекше назар аударуы тиіс. Әсіресе, жобалардың уақытылы орындалуын қатаң бақылауға алу керек, — деді Әлихан Смайылов.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қазақстандықтардың 14,21%-і дауыс беріп үлгерді

Сайлаушылардың 14,21%-і бюллетень алды. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов айтты.

Өткен тәулікте 66 қазақстандық коронавирус жұқтырды

Елімізде кейінгі тәулікте 66 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Александр Братенков: Алматылық бақылаушылар сайлауда кәсіби дайындығын көрсетті

Алматылық бақылаушылар учаскелік сайлау комиссиялары сайлау күні кәсіби дайындығын көрсетті. Бұл туралы бақылаушылар мектебінің жетекшісі Александр Братенков айтты.

Сайлау-2023: Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс парламентті сайлауда дауыс берді.

Қор нарырығында доллар 460 теңгеден саудаланып жатыр

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 20 наурызға арналған бағамын белгіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания королімен сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания королі II Абдалла бен Хусейнмен сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.