Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
Мемлекет басшысының құрметіне 21 рет зеңбіректен оқ атылып, Қазақстанның әнұраны орындалды. Қасым Жомарт Тоқаев пен шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян бір-біріне ілтипат білдіріп, Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді.
Еске салсақ, жексенбі күні мемлекет басшысы ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды. Кеше ҚР президенті «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитінің ашылу рәсіміне қатысты.