Президент әкімшілігінің келісімі бойынша Қуаныш Жұмабекұлы Асылов Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, — делінген хабарламада.
Шымкент әкімдігінің мәліметінше, тағайындалғанға дейін ол ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.
Қуаныш Асылов 1973 жылы 14 наурызда Алматыда дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті құқықтану ғылымдарының магистрі, Вашингтон Дюк университеті Сэнфорд мемлекеттік саясат мектебі саясаттану ғылымдарының магистрі.
1995-2002 жылдары — бизнес саласындағы басшылық лауазымдар;
2002-2006 жылдары — мемлекеттік органдарда қызмет атқарған;
2006-2010 жылдары — ҚР президентінің іс басқармасында ресми іс-шаралары және сыртқы байланыстар секторының меңгерушісі;
2011-2013 жылдары — ҚР есеп комитетінің қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығының директоры;
2013-2014 жылдары — ҚР білім және ғылым министрлігінің жастар істері жөніндегі комитетінің төрағасы;
2014-2017 жылдары — ҚР мәдениет және спорт министрлігінің қоғамдық-саяси жұмыстар және тілдер саясаты комитетінің төрағасы;
2017-2018 жылдары — ҚР президенті әкімшілігі қоғамдық-саясат секторының меңгерушісі;
2018-2019 жылдары — ҚР президенті әкімшілігі аналитика орталығы меңгерушісінің бірінші орынбасары;
2019-2023 жылдары — ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының бірінші вице- президенті, ҚР президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының түлектері қауымдастығының президенті. «Құрмет» орденінің кавалері, «Ерен еңбегі үшін», ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің «ҚР ҰҚК 25 жыл» мемлекеттік медальдарімен марапатталған.