ОСК: Сенат сайлауында заң бұзушылықтар тіркелмеді

Дауыс беру күні «Сайлау туралы» Конституциялық заңды бұзу туралы аумақтық сайлау комиссияларынан және таңдаушылардан шағымдар мен арыздар келіп түскен жоқ, — деді Асылбек Смағұлов орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Айта кетейік, ОСК 14 қаңтарда өткен ҚР парламенті сенаты депутаттары сайлауының түпкілікті қорытындысын шығарды.