Бұл туралы Energyprom.kz хабарлады.
2022 жылғы жетоқсан айының қорытындысы бойынша әуе көлігімен жолаушылар тасымалы қызметінің құны жыл ішінде 16,8%-ке өсті, — делінген хабарламада.
Өңірлер тұрғысында Батыс Қазақстан облысында 67%, Абай облысында 57,3%, Қостанай облысында 43,2% өсім байқалды.
Қазақстандағы өңірлер арасында тек Ұлытау (20,8%) және Алматы (3,9%) облыстарында билет арзандаған.
ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2023 жылы халықаралық жаңа рейстер ашылатынын хабарлады. Осыған дейін коронавирус індеті салдарынан бірқатар рейстер шектелген болатын. Қазіргі уақыта ішкі жолаушылар тасымалы бойынша бұрынғы кесте қалпына келтірілді.
Сонымен қатар 108 бағдар аясында 30 елге халықаралық рейстер де қайта қосылды.