Басты бетЖаңалықтарШымкентте макулатура...

Шымкентте макулатура өндейтін жеке цех өртенді

15 қаңтар сағат 10:47-де «101» басқару пультіне Еңбекші ауданы Қапал батыр көшесіндегі өрт туралы ақпарат түскен.

Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жетіп,  өрт «Оңтүстік» индустриялық аймағында  макулатура қайта өндеу бойынша «Бумпром» ЖШС аумағында болғанын анықтады. Алдын ала мәлімет бойынша, жалпы ауданы 60х20 шаршы метр болатын жеке цех өртенген. Ғимарат бір қабатты, автономды жылыту, ішінде 3 тонна макулатурасы бар, картон қалдықтары жанып жатыр. Өрттің ауданы 200 шаршы метр болған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», — делінген департамент хабарламасында. Өрт сағат 12:37-де оқшауланып, сағат 13:18-де сөндірілді.

Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 52 адам мен 14 техника жұмылдырылған.