Күндізгі сауда-саттыққа сәйкес, 1 доллар 0,22 теңгеге арзандап, 462, 29 теңгені құрады.
Айта кетейік, ұлттық банктің 13 қаңтардағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 462, 58 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 461,5 теңге, сатып алу – 465,5 теңге.
Ал Астана бойынша сату бағамы – 461,3 теңгеден болса, сатып алу – 464,5 теңге.
Ресей рублі 6,71 – 6,81 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банк дерегіне сәйкес, 13 қаңтар күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,83 теңгені құрайды.