Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Ертең, 13 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің шақыруымен «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне видеобайланыс форматында қатысады, — делінген хабарламада.
Саммит барысында дамушы елдердің мемлекет және үкімет басшылары қазіргі әлемнің өзекті мәселелерін шешу үшін күш-жігер біріктіру перспективаларын талқылайды.