Басты бетЖаңалықтарЖоғарғы соттың...

Жоғарғы соттың үш судьясы қызметінен босатылды

Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп бұл судьялар басқа қызметке тағайындалуына байланысты жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылуы керек екенін айтты.

Осы орайда парламент сенатының қарауына Асан Ескендіровті, Айгүл Қыдырбаеваны, Вячеслав Салийді жоғарғы сот судьясы қызметінен босату ұсынымы енгізілді.

Палата депутаттары аталған ұсынысқа қолдау білдірді.