Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова айтты.
«Арселор Миттал» қоғамдық тыңдау негізінде қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алды. Компания бастапқыда шығарындылардың жоғары стандарттарын алуға тырысты. Бұл іске қоғам араласты, оның ішінде министрлік те жағдайды бақылап отырды. Сөйтіп «Арселор Миттал» өз шығарындыларын 210 мың тоннаға дейін қысқартты, — деп жауап берді министр тілшілер сауалына.
Айта кетсек, былтыр жыл соңында «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына 5,8 миллиард теңге айыппұл салынған еді.