Басты бет Жаңалықтар Астана халықаралық әуежайында 23 рейс кешігіп жатыр

Астана халықаралық әуежайында 23 рейс кешігіп жатыр

Астана халықаралық әуежайында бірнеше рейс кешігіп жатыр. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлады.

©kazinform.kz

Әуе айлағының қалыпты жұмыс істеп тұрғанына қарамастан, түрлі әуе компаниясының 9 рейсінің жолаушылары елорда әуежайынан ұшып кете алмай отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 қаңтарда Астанада 23 рейс кешігіп жатыр. Олардың 9-ы ұшып кетуге және 14 рейс ұшып келуге тиіс болатын.

Жолаушылар соңғы ақпаратты әуе компанияларының call-орталықтарынан, сонымен қатар әуежайдың ұшып кету және ұшып келу бойынша анықтама бөлімінен біле алады, — делінген хабарламада.

Елорда әуежайы аумақта, оның ішінде ұшу-қону жолағында қар тазалау жұмысы үздіксіз жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Рейстердің ұшып келу және ұшып кету уақыты туралы ақпаратты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының онлайн таблосынан білуге ​​болады.

Exit mobile version