Қанат Тумыш сыртқы істер министрінің орынбасары болды

Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Қанат Қобыландыұлы 1975 жылы 7 қарашада Ақтөбеде туған.

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін халықаралық экономикалық қатынастар бакалаврі (1993-1997); Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін халықаралық экономикалық қатынастар магистрі (1997-1999) дәрежесімен бітірген. Еңбек жолы:

ҚР сыртқы істер министрлігі мемлекеттік протокол басқармасында референт, атташе (1997-1998); ҚР сыртқы істер министрлігінің көпжақты экономикалық ынтымақтастық департаментінің көпжақты ынтымақтастық департаментінің үшінші хатшысы (1998-1999); ҚР Түркиядағы консулдығында вице-консул (1999-2001);

ҚР Түркиядағы консулдығында елшінің көмекшісі, баспасөз хатшысы (2001 — 2003); ҚР сыртқы істер министрлігінің көпжақты экономикалық ынтымақтастық департаментінің көпжақты ынтымақтастық департаментінің екінші хатшысы (2003);

ҚР Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі елшілігінің консулдық бөлімнің меңгерушісі (2003-2005); ҚР сыртқы істер министрлігінің көпжақты экономикалық ынтымақтастық департаментінің көпжақты ынтымақтастық департаментінің бірінші хатшысы (2005-2006);

ҚР сыртқы істер министрлігінің Азиялық ынтымақтастық басқармасынде кеңесші, бөлім басшысы (2006-2007); ҚР сыртқы істер министрлігінің жалпыазиялық ынтымақтастық департаментінің Азиядағы қауіпсіздік басқармасының басшысы (2007-2009); ҚР сыртқы істер министрлігінің жалпыазиялық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары (2009-2010);

«Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі» халықаралық ұйымы атқарушы директорының орынбасары (2010-2014); ҚР сыртқы істер министрінің кеңесшісі (2014-2015); ҚР БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігінде кеңесші-уәкіл (2015-2016);

ҚР БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің орынбасары (2016-2019); 2019 жылғы шілдеден бері Қазақстанның Оңтүстік Африка Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған.