Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері бір жылда 1,6 триллион теңгеге немесе 12,1%-ке ұлғайып, 2022 жылдың соңында 14,6 триллион теңгені құрады. 2022 жылы инвестициялық кіріс көлемі — 914,1 миллиард теңге, зейнетақы жарналары – 1 728 миллиард теңге, зейнетақы төлемдері – 260,8 миллиард теңге, мерзімінен бұрын алу сомасы 896,3 миллиард теңге болды, — деді Ғалымжан Пірматов.
Ұлттық банк төрағасының дерегінше, 2022 жылы зейнетақы активтерінің кірістілігі 6,55%-ке жетті.
Зейнетақы активтерінің шоғырландырылған сәттен бастап жинақталған кірістілігі 113,7 пайыз инфляциямен салыстырғанда 115,9%-ті құрады, — деді Пірматов.