Басқарма мәліметінше, 10 қаңтар сағат 23:00-ден 11 қаңтар сағат 06:00-ге дейін коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеді.
Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызметкерлер арнайы техника арқылы жолдарды көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеді. Осы уақытта қала бойынша қар тазалаушы машиналардың 18 колоннасы қозғалды. Нәтижесінде 1260 текше метр қар шығарылды, — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта қоғамдық орындарды, тротуарларды, жаяу жүргіншілер жолдарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жер үсті және жерасты өткелдерін тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.
Түнде қала көшелерінде барлығы 360 адам және 460 бірлік арнайы техника, оның ішінде 204 сыпыру-жинау машиналары жұмыс істеді, — делінген хабарламада.
Басқарма өкілдері қалада қар әлі толассыз жауып жатқанын атап өтті.