Басты бетЖаңалықтарАлмаарасан тауларынан...

Алмаарасан тауларынан жоғалған әйел табылды

Ведомство мәліметінше, 7 қаңтарда 1983 жылы туған турист әйел тауға, «Терра» алаңына жалғыз өзі шыққан. Жаяу серуендеп болғаннан кейін ол көлікке түскен кезде телефонын және бақылау таяқшаларын жоғалтып алған. Әйел таудан түсіп бара жатқанда, қар көшкіні жүріп, ол құлап қалған. Осылайша, көшкін оны «Проходная» өзеніне қарай алып кеткен.

9 қаңтарда сағат 5 шамасында төтенше жағдайлар министрлігінің «РЖҚЖ» ММ кезекші бөліміне Алмаарасан шатқалында жоғалған әйел туралы шақыру келіп түскен. Жеке құрамның 11 құтқарушысы, оның ішінде 1 кинология есептобынан тұратын жедел топ құтқаруға шыққан. РЖҚЖ қызметкерлері туристі түні бойы жартасты және қарлы таулардан іздеген. Іздеу түні бойы жалғасты. Түнгі сағат 4-ке таяу зардап шеккен турист табылды, — делінген хабарламада.

РЖҚЖ құтқарушылары барлық қажет көмек көрсетіп, туристті Проходное шатқалына қарай тасымалдаған. Кейін зардап шегуші АМО бригадасына табысталған.