Басты бет Жаңалықтар Алматыдан 25 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 25 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі Астана уақыты бойынша сағат 04.12-де жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде, Қазақстан аумағында, Қырғызстанмен шекаралас жерде болған. Бұл Алмарасан шатқалы мен Шымбұлақ арасындағы жер.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.0. MPV, магнитудасы 4,2. Тереңдігі 20 шақырымға жетеді.

Exit mobile version