Басты бет Жаңалықтар Алматыдан 385 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Алматыдан 385 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 8 қаңтар күні Алматы уақытымен 10.17-де жер сілкінісін тіркеді. 

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 385 шақырым жерде Қытай аумағында орналасты.

Зілзаланың энергетикалық санаты – 9.1. MPV магнитудасы — 3,9. Эпицентр координаты – 44.07° с.е. 81.53° ш.б. Тереңдігі — 5 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ, — делінген «Алматы» кезекші операторының хабарламасында.

Exit mobile version