8 қаңтар сағат 19:50-де «Шымкент-Арыс» учаскесінің Манкент станциясында жүк пойызы вагондары рельстен шығып кетті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Сонымен қатар аталған оқыс оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер етпеді, — делінген хабарламада.
Сонымен бірге ұлттық компания келеңсіздікті жою үшін Шымкент, Арыс станциясынан қосымша пойыздар жөнелтілгенін хабарлады. Оқиғаның себеп-салдарын «Қазақстан темір жолы» АҚ жанынан арнайы құрылған комиссия анықтайды.