Құтқару қызметі Darmen мобильдік бағдарламасы арқылы ауа райының нашарлауына байланысты республикалық автожолдардың үш бөлігі жабылғаны туралы ескерту таратты. Өңірде қар жауып, боран тұрып жатыр, жолдардың көрінуі 50 метрден де аз.
«Жезқазған-Петропавл» тасжолының Ақмола облысының шекарасынан Сергеевка қаласы, Шал ақын ауданына дейінгі бөлігі, «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Тоқсан би ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аумағы және «Көкшетау-Рузаевка» жолы Ақмола облысының шекарасынан Рузаевка ауылына дейін көліктің барлық түрі үшін, барлық бағытқа жабылды.
Кеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланған болатын.