Басты бетЖаңалықтарМинистрлік McDonald's...

Министрлік McDonald’s мейрамханаларының жабылу себебін түсіндірді

McDonald’s өкілдерінің өтініші бойынша, жергілікті шикізатқа көшкенге дейін ауыл шаруашылығы министрлігі және басқа да мемлекеттік органдар ел аумағындағы мейрамханалар желісінің жабылуына жол бермеу үшін үшінші елдерден өнім жеткізу рәсімдерін жеделдетуге және жеңілдетуге жәрдемдесуге дайын болды, қазір де дайын, — делінген министрлік хабарламасында.

Қазақстандық ет және сүт өнімдерін өндірушілер өндірісті McDonald’s талаптарына сәйкес келтіру бойынша жұмысты бастаған және 2023 жылдың басында кәсіпорындардың аудиті бойынша жұмыстар жоспарланған болатын. Алайда McDonald’s-тың жабылуына байланысты жоспарланған аудит жүргізілген жоқ.

Бұл компанияға шикізат немесе жартылай фабрикаттар жеткізу үшін сертификаттаудан өту керек. Бұл жұмыс мал азығынан бастап қаптамаға дейін қатаң талапты қажет етеді.

Министрліктің атап өтуінше, осы ретте компанияның отандық өнім жеткізушіні таңдайтынына кепіл жоқ.

Ал Қазақстан еттің барлық түрі бойынша ішкі нарықты толық көлемде қамтамасыз етіп отыр. Өткен жылы 1,06 миллион тонна ет өндірілді. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы саласында шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы құны 3,6 миллиард доллар болатын 38 жоба іске асырылып, кейбірі пысықталып жатыр, — деп хабарлады министрлік.