Жапсырмадағы сандар

4 таңбалы сан

Жемістің аграрлық жолмен өсірілгенін білдіреді. Оның құрамында тыңайтқыштар мен пестицидтер де бар.

5 таңбалы сан

Жеміс-жидек

Жапсырмадағы сандар 5 таңбалы болса, бірінші тұрған цифрға назар аудару керек. Егер бірінші 8 саны тұрса, бұл жеміс гендік инженерия жолымен өсірілген, яғни таза ГМО.

Ал 9 санынан басталса, жемісті өсіру үшін таза табиғи тыңайтқыштар қолданылған.

Жеміс жеп отырғанда байқамай жапсырма қағазын жеп қойсаңыз, қорықпаңыз. Себебі бұл қағаздар жеуге жарамды. Олардың желімін де жеуге болады.

Жапсырманың орнына лазерлі сурет

жеміс-жидек
©feme.ua

Кейінгі кездері АҚШ пен Еуропа елдері осы тәсілді қолданып жүр.

Олар жемістің сыртқы қабығына ғана салынады, ешқандай зияны жоқ. Қазіргі уақытта оларды анар, қауын, киви, апельсин мен бананның сыртынан көруге болады.

Ешбір жапсырма болмаса…

Алма мен алмұрт

Ешқандай лазерлі суреті немесе жапсырма қағазы жоқ жеміс-жидекті алмауға тырысыңыз. Әсіресе, цитрусты жемістерді. Себебі, олар шетелден әкелінетін болғандықтан, міндетті түрде белгісі болуы керек. Болмаса, оларды жай ғана алып тастаған болуы мүмкін. Солайша, ГМО жемістерді таза органикалық өнім ретінде сатып тұруы ықтимал.

Ал сіз бұл ақпаратты білетін бе едіңіз?

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!