Мәжіліс кулуарында журналистер бас прокурордан жаппай тәртіпсіздіктердің басты ұйымдастырушысы кім екенін сұрады.
Мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындық болды, қастандық жасалды. Бүгін айтқанымдай, негізгі ұйымдастырушылар ретінде ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшылығы – К. Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты қылмыстық іс қозғалды, — деп жауап берді бас прокурор.
«Кәрім Мәсімов – бас ұйымдастырушы ма?», — деп сұрады тілшілер.
Солай деуге болады, — деп жауап берді Берік Асылов.