Басты бетЖаңалықтарҰлттық банктің долларға қатысты ресми бағамы белгіленді

Ұлттық банктің долларға қатысты ресми бағамы белгіленді

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 468 – 471 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 467– 471 теңге аралығында құбылып тұр.

4 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,75 теңгеге қымбаттап, 465, 41 теңге болған.

Ұлттық банктің 5 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 465, 39 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,53 теңге болды.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,05– 6,35 теңге аралығында саудаланып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да