Желдің күрт күшеюі мен қатты боранның салдары шығыс аймақтағы республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарда қиын жағдай туғызды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық құтқару бөлімшесіне Аягөз гарнизонындағы танкистер құрамасы мен инженерлік-саперлік батальонның әскери қызметшілері көмекке келді.
«Алматы — Өскемен» тасжолының 40 шақырымында броньды танк қызметінің бастығы майор Ержан Быжкеевтің басшылығымен әскери қызметшілер қар құрсауында қалған 50 адам мен 10 шақты автокөлікті арнайы техникамен эвакуациялады. Олардың барлығы Аягөзге жеткізілді.
Құтқару жұмыстарына қазіргі уақытта бес әскери техника жұмылдырылған.