31 желтоқсан күні қоғамдық көлік әдеттегідей сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді. 1 қаңтар күні көліктердің 50%-і жолға шығарады. 2,3 қаңтар күндері қоғамдық көлік мереке күнінің кестесімен жұмыс істейді, яғни автобустар мен троллейбустардың 70%-і қызмет көрсетеді. №3 түнгі маршруттың жұмыс кестесі сағат 23:00 мен 06:00 аралығында болып өзгеріссіз қалады. Медеуге қатынайтын №12 маршрутта түнгі сағат 00:30-ға дейін 20 автобус жүретін болады.
Алматы метрополитені штаттық режимде сағат 06:20-дан сағат 00:00-ге дейін мереке күнінің кестесімен 12-15 минуттық интервалмен қызмет көрсететін болады, — делінген хабарламада.