Басты бет Жаңалықтар 27 ақпанға арналған ауа райы болжамы

27 ақпанға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидрометтің" болжауынша, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады, тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Фото: РИА Новости

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ , жаяу бұрқасын болады деп болжануда. Кей жерлерде жел — 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей аймақтарында көктайғақ, жаяу бұрқасын жүріп, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.

Павлодар облысының бірқатар аудандарында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысында тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Маңғыстау облысында түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с болады.

Ақтөбе облысының аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде жел 18 м/сдің күшейеді деп болжануда.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының каудандарында — тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде кей жерлерде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version