«Қаскелең автобус паркі» ЖШС тасымалдаушы компаниясының ақпараты бойынша, 28 желтоқсанда таңғы сағат 7:30 шамасында шығыс бағыттағы «Б.Момышұлы метро станциясы» терминалында №78 маршруттың жүргізушісі метроға соғылған.
Бұл оқиға бойынша зардап шеккендер жоқ. Автопарк басшылығы Алматы полиция департаментімен бірлесіп, қолданыстағы заңнама шеңберінде шаралар қабылдайды, — деп хабарлады Алматы қалалық ұтқырлық басқармасы.