Нұрсұлтан Назарбаев Нобель сыйлығына ұсынылды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен «АТОМ» жобасының құрметті елшісі, суретші Кәріпбек Күйіков Нобель сыйлығына ұсынылды.

Фото ашық дереккөзден

Бұл бастаманы Швейцариядағы Базель бейбітшілік кеңсесі ғылыми-зерттеу институтының директоры Алин Варе көтерген. Антиядролық қозғалыс белсендісі бұл жаңалығымен фейсбуктегі парақшасында бөлісті.

«Биыл мен Кәріпбек Күйіков пен ҚР Президенті Назарбаевты ядролық қаруды жоюдағы ерен күш-жігері үшін Нобель сыйлығына ұсындым», — деп жазды Варе.

Назарбаев пен Күйіковті Нобель сыйлығына ұсыну туралы ұсыныс шотландиялық саясаткер Билл Киддтен де түскен.

Алин Варе келтірген сілтемедегі сыйлыққа үміткерлер шорт-парағында Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның көшбасшысы ретінде 22 жыл бойы ядролық қарусыздану саласында бірқатар маңызды бастама көтергені айтылған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version