Басты бетЖаңалықтарЕкібастұзда бірқатар жер үйге жылу беру тоқтатылады

Екібастұзда бірқатар жер үйге жылу беру тоқтатылады

«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС мәліметінше, жылу берудің тоқтатылуы жылу жүйелеріне жөндеу жұмыстарының жүргізілуімен байланысты болады. Осылайша, 28 желтоқсанда Беркімбаев көшесі 204-206 мекенжайларына қарай кварталішілік жылу жүйесі ажыратылады.

Осыған байланысты сағат 10.00 — 14.00 аралығында Беркімбаев көшесі 204, 204а, 206, сонымен қатар Мұнайшылар көшесі 1, 2, 4, 8, 9, 10 мекенжайларындағы жеке үйлерде жылу болмайды, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар осы күні сағат 09.00 – 14.00 аралығында 22-Оңтүстік жол – Гридин бағытына қарай кварталішілік жүйемен жылу беру өшіріледі. Нәтижесінде 22-Оңтүстік жол 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 мекенжайларындағы жер үйлер жылусыз қалады.

Ал сағат 09.00 – 15.00 аралығында М.Жүсіп көшесі 34, 34а, Кеншілер көшесі 12а, 12б, 14, 16 көшесіндегі жеке үйлерге, сондай-ақ «АТФ Банк» АҚ ғимаратына жылу беру тоқтатылады.

Еске салайық, 27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да