Қазақ жігіті Қытайдың ең үздік аниматоры атанды (Видео)

Қытай төрешiлерi Арысбектiң екi халық арасындағы достықтың нығаюына көп үлес қосқанын атап өттi.

Арысбектiң 8 минуттық «Мен жайлауданмын» атты мультфильмi Айбар деген баланың ерлiгiн баяндайды екен. Айбар балалығына қарамай әкесi екеуiнiң бiр отар қойын қорғаймын деп қасқырлармен арпалысқан.

Былтыр Арысбектiң мультфильмi қытай студенттерi арасындағы кинофестивалдiң 1-орнын, ал, Азия жастарының кинофестивалiнде бас жүлде иеленген.

Қазiр Арысбек Ұлы Жiбек жолының тарихы туралы 90 минуттық мультфильм жасауға кiрiскен.

ДереккөзInform.kz