Бұл туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов айтты.
Бүгінде Яндекс.Такси қызметіне қатысты тергеу жүріп жатыр. Екі тергеу ісі басталған еді, оның біреуі тоқтатылды. Сонымен қатар тергеу аясында сот процесі қатар жүріп жатыр. Бірінші тергеу шарасы компанияның қызметін асыра пайдалануына байланысты, яғни клиенттерге қызметті жөн-жосықсыз ұсыну. Екінші тергеу амалы бағаны қолдан көтеру фактісі бойынша жүріп жатыр. Алғашқы факт бойынша тергеу шарасы тоқтатылды. Ал бағаны көтеру бойынша сот процесі жалғасып жатыр, — деді Болат Сәмбетов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.