Үкімет 2023 жылға арналған жоспарын мақұлдады

Жалпы заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспарын орындалды деп айтуға болады. Биыл конституциялық реформа, президенттің сайлауалды бағдарламасы аясындағы бастамаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілгенін атап өткім келеді. Алдағы жылы да реформаларды жалғастыру қажет, — деді премьер-министр Әлихан Смайылов бүгінгі үкімет отырысында.

Сонымен бірге Ә. Смайылов әділет министрлігінің жыл бойы мемлекет басшысының, премьер-министрдің және президент әкімшілігінің заңнамалық тапсырмаларына мониторинг жүргізуді, оларды 2023 жылы әзірленіп жатқан заң жобаларына енгізуді қамтамасыз етуі керегін айтты.

Бұл жұмысты мемлекеттік органдар тұрақты негізде жүргізуі тиіс. Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспарын мақұлдауды ұсынамын. Жоспарға 24 заң жобасы кіреді. Олардың ішінде әзірленіп жатқан су кодексі, «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы», «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» және «Аквадақыл туралы» заң жобалары ерекше маңызға ие, — деді үкімет басшысы.