Басты бетЖаңалықтарҰлттық ғылым...

Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебесі қайтарылды

«Қазақстан Республикасының ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ қызметіне:

  • әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің басым бағыттарын, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу;
  • ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындауды және басып шығаруды үйлестіру;
  • ғылымды дамыту бойынша форсайттық зерттеулерді дайындауды және жүргізуді үйлестіру;
  • ғылым саласында атаулы сыйлықтар мен стипендиялар алуға конкурстар өткізу;
  • ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу;
  • ғылыми журналдар шығару, халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға қатысу;
  • ғылымды танымал етуге қатысу және т.б. кіреді.

ҚР ҰҒА жұмысын қаржыландыру республикалық бюджеттен бөлінген бюджет қаражаты есебінен жүреді.