Басты бетЖаңалықтарСенатта "Самұрық-Қазынаға"...

Сенатта «Самұрық-Қазынаға» қатысты шектеулер пакеті қаралды

Сенатта «Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екі оқылымда қаралды. Нәтижесінде жоба түзетулермен мәжіліске қайтарылды.

Заң жобасының бір блогы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға және бәсекелестікті дамытуға қатысты. Заң жобасында мыналар қарастырылған:

  • «Самұрық-Қазына» қорының сатып алу ережелерін бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен келісу міндеттемесі;
  • жеткізушілердің сатып алу тәсіліне қарамастан сатып алуға шағымдану құқығы;
  • қордың холдингаралық кооперациясы шеңберінде сатып алу тәсілін алып тастау.

Сонымен қатар,заң жобасында қордың жалғыз акционері директорлар кеңесінің құрамын айқындауға және қор қызметіне ашықтық енгізуге бағытталған түзетулер қарастырылған, — деді ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Министр заң жобасында бір орыннан алу құқығы алып тасталатынын айтты:

  • мемлекеттік материалдық резервке алынатын тауарлар;
  • жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға арналған тауарлар мен қызметтер;
  • тұрғын үй мақсатындағы емес ғимараттар, құрылыстар, құрылыстар, үй-жайлар.