Басты бетЖаңалықтарАйжан Есмағамбетова:...

Айжан Есмағамбетова: Халық көп жиналатын орындарда бетперде тағу ұсынылады

Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты дейді. Алайда министр кейбір қалаларда коронавирус инфекциясының қайта қарқын алғанын мәлімдеді.

Соңғы аптада өткен аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 3 пайызға өсті. 12 өңірде (Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, Абай, БҚО, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) R көрсеткіші бірліктен жоғары, бұл инфекцияның қарқын алғанын көрсетеді», — деді Есмағамбетова.

Осыған байланысты, Есмағамбетова R көрсеткішін 1-ден жоғары тіркеу кезінде БМСДҚ-ға сәйкес халық көп жиналатын орындарда бетперде тағу ұсынылатынын еске салды.

Қазіргі уақытта ЖРВИ және тұмауға шалдығушылардың маусымдық өсімі байқалады, осылайша, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 20%-ға өсті.

Республикамыздағы коронавирус инфекциясы бойынша ағымдағы жағдайды, сондай-ақ ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық маусымның барысын ескере отырып, сайлауалды жария іс-шаралар мен сайлаушылармен кездесулер өткізу кезінде Есмағамбетова мынадай қағидаларды ұстануды ұсынды:

1) халықтың топталуын болдырмау үшін кең үй-жайларды пайдалану;

2) үй-жайларда желдету/ауаны баптау жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі;

3) ауаны жасанды желдету жүйесі болмаған жағдайда іс-шара басталар алдында үй-жайды желдетуді жүргізу;

4) сайлаушылармен кездесулер өткізу кезінде бетперде режимін сақтау.