Басты бет Жаңалықтар Азиада: Қазақстан құрамасы командалық есепте төртінші орын алды

Азиада: Қазақстан құрамасы командалық есепте төртінші орын алды

Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азиада ойындары өз мәресіне жетіп, ресми түрде жабылу рәсімі өтті.

Қазақстандықтар үшін Азиада ойындары сәтті аяқталды. Қоржынымызға жалпы 32 медаль түсті. Оның 9-ы алтын,  11-і күміс, 12-сі қола медаль. Жалпыкомандалық есепте төртінші орынға жайғастық.

Азиада, жабылу салтанатыБүгін Азиадада өнер көрсеткен спортшыларымыз Саппородан елге аттанды. Естеріңізге сала кетейік, жалпы есепте бірінші орынды Азиада ойындарын ұйымдастырған Жапония елінің өкілдері жеңіп алды. Олардың еншісінде 74 медаль (27 алтын 21 күміс, 26 қола) бар. Екінші орынды Оңтүстік Корея спортшылары қанжығасына байлады. Олардың қоржынында 50 медаль (16 алтын, 18 күміс, 16 қола) бар. Ал үздік үштіктен көрінген Қытай елінің қоржынында жалпы 33 медаль (12 алтын, 14 күміс, 9 қола) бар.

Жалпы VIII қысқы Азиада ойындарына 29 мемлекет спортшылары 64 медальдар жиынтығын сарапқа салды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version