Бұл дегеніміз – ауыр онкологиялық дертке шалдыққан кішкентай емделушілер емдік шаралардан бос уақытта пайдалы дағдыларды игеріп оқу оқи алатындығын білдіреді.
Smart school жобасының аясында шымкенттік аурухананың жаңа оқу класында тақта орынына қолданылатын Samsung Flip 3 үлкен сенсорлық дисплейі және ыңғайлы парталар мен планшеттер пайда болды. Samsung озық құрылғылардың арқасында ауруханадағы сабақтар кәдімгі мектепке қарағанда интерактивті және қызықтырақ болатынына сендіреді. Тәжірибе көрсеткендей, балалар Samsung smart school көмегімен ағылшын тілін көбірек ынтамен үйреніп жақсы нәтижелерге қол жеткізеді.
Samsung ұсынған «Ақылды класс» – оқытумен шектелмейді. Сонымен қатар балалар тәжірибелі оқытушылардың көмегімен робот құрастыру техникасын, лего-конструкциялау, қолөнермен айналысу, сурет салу және шахмат пен дойбы ойнауды үйренуі үшін, класта әртүрлі дамытатын материалдар жиналған. Жоба аясында ем алудан бос уақытта аурухана клоуны науқастардың көңілін аулайды.
Бұл — Samsung School жобасының аясында Samsung Electronics бастамасымен Қазақстанда ашылған төртінші «ақылды класс». Біріншісі 2018 жылы Нұр-Сұлтандағы Ана және бала ұлттық ғылыми орталығында ашылып, кейін Алматыдағы педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында және Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу орталығында тағы екі класс ашылған.
Жобаның серіктесі ретінде Help Today қоғамдық қоры қатысты.
Бұрындары да, 2011–2017 жылдары Бизнес серіктестік есебінен білім беруді қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаға ат салыса отырып, Samsung Астанадағы, Алматыдағы, Өскемендегі және Шымкенттегі жалпы білім беретін мектептерінде smart кластарын сәтті ашқан еді.