Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында қала әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров айтты.
Бағаны тұрақтандыру үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 15 миллиард теңге бөлінді. «Магнум» желісінің сөрелерінде бағаларды, сонымен қатар әлеуметтік нан және жұмыртқа өндірушілерінің сату бағаларын тұрақтандыру жүргізіліп отыр, — деді спикер.
Маусымаралық кезеңде көкөніс бағасын тұрақтандыру үшін 20 мың тоннаға жуық көкөністі алдын ала «форвардтық» түрде сатып алынды. Сонымен бірге Павлодар облысының өндірушісінен 4 мың тонна картоп пен 1 мың тонна сәбіз сатып алу жоспарланып отыр.
2023 жылғы сәуір-маусым айлары кезеңінде елдің оңтүстік өңірлерінен, Өзбекстан, Пәкістан және Ираннан ерте пісетін көкөністерді жеткізу ұйымдастырылатын болады. Бүгінгі таңда бұл мәселе ҚР ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция министрліктерімен бірлесіп пысықталып жатыр, — деді Алматы әкімінің орынбасары.
Спикердің сөзінше, үкімет қант саласын дамыту жөніндегі бағдарламаны қабылдады, соған сәйкес Алматы ҚР сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп, белгіленген бағамен 5,7 мың тонна өнім жеткізу үшін «Ақсуқант» қант зауытына 2,6 миллиард теңге бөлу мәселесін пысықтады. Сонымен қатар күріш, қарақұмық жармасы, күнбағыс майы және көкөніс өнімдерін сатып алуға 3,8 миллиард теңге резервке қойылды.
Бағаны тұрақтандыру шараларымен барлық 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері қамтылды, қол қойылған шарттар мен келісімдер шеңберінде өңірлерден 80 мың тоннадан астам өнімді жеткізу жүргізілуде. 1,5 мың «үй жанындағы» дүкендерге 2 мың тонна бакалея және 2,4 миллион жұмыртқа жеткізу ұйымдастырылды. Азық-түлік емес тауарлардың 1,2 мың түрін қоймалардан көтерме бағамен сату жүзеге асырылып жатыр,- деді Әлішер Әбдіқадыров.
Бұдан басқа, Алматы облысынан және Қазақстанның басқа өңірлерінен жеткізілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің кеңейтілген жәрмеңкелері мен «демалыс күні» жәрмеңкелері өткізілді.