Күдікті сағат үш жарымда Алматының тұрғын алабында ұсталды. Буран-082 патрульдік экипажы Ақсай ықшамауданындағы тұрғын үйлердің ауласында ер адамды байқап қалған. Ол полиция қызметкерлерін көре сала, жасырынбақ болған.
Патруль қызметкерлері күдікті адамды ұстады. Ол өзімен бірге есірткі бар екендігін мойындады. Әуезов аудандық ПБ-ның тергеу-жедел тобы ұсталған азаматты жеке тінту барысында ұнтақты заты бар 80 дана полиэтилен байламдарын тәркіледі. Ұсталған адамның өзі байламдарда «жылдамдық» синтетикалық есірткі заты екенін айтты. Сонымен қатар ол қаланың әртүрлі нүктелеріне шөпті таратушы екенін түсіндірді. Қазіргі уақытта тәркіленген заттарға сот-химиялық сараптама тағайындалды. Жедел бөлімшелер қалаға есірткінің жеткізілу арнасын және таралу географиясын белгілейтін болады, – деді қалалық ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің командирі Бауыржан Хантеміров.
Бұл дерек ҚР қылмыстық кодекстің 296-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін ПД-да хабарлады.