Алдын ала болжам бойынша апат таңғы сағат 5:30-да Гоголь көшесі мен Спасск тасжолының қиылысында болған. Белгілі болғандай, кузовы көтерілген Камаз П-тәрізді компенсатормен соқтығысқан. Салдарынан қаланың бірнеше көшесінде жылу беру азайттылды.
«Теплотранзит» ЖШС бригадасы шұғыл түрде 1 000 миллиметр диаметрлі құбыржолынан ақау тапқан. Бұл ақауды жою үшін қалада бірнеше көшенің үйлері төмендетілген жылу беру режиміне ауыстырылады.
Айта кетейік, биыл Қазақстандағы жылу желілері тұрғындарды әуреге салды және мұндай апаттарды соңғы жағдай деп болжауға келмейді.
24 қазанда Риддердегі ЖЭО-да қазандықтар тоқтады. 10 қарашада апат қайтадан орын алып, көптеген пәтерлерді қақаған қыста жылусыз қалдырды.
27 қарашада Екібастұз тұрғындары ЖЭО-да бірнеше қазандық агрегаттарының тоқтауына байланысты жылусыз қалды.
Желтоқсан айының басында Ақтауда бірнеше күн бойы ыстық су өшірілді. 15 желтоқсанға қараған түні Семейдегі 1-ЖЭО-да өрт болды. Салдарынан қаланың сол жағалауындағы тұрғын үйлер жылусыз қалды.