Бір кеңістікке қойылған Рената Машекенова мен Елена Сережечкинаның жұмысы өзара диалогқа түскендей. Суретшілердің көркемдік тәсілі бірін бірі толықтырып тұрды. Картиналары арқылы ішкі әлемінде не болып жатқанын аңғартады.
Екі суретшінің де шығармаларындағы табылатын бейне — көбелек. Бұл трансформация мен қайта тууды білдіреді.
«5 жасымда сурет сала бастадым, бірақ 16 жасымда, максимализм мен жасөспірім кездегі дағдарыс анық басталғанда саналы түрде айналыса бастадым. Сурет салу сыртқы әлеммен қарым-қатынас жасаудың әдісіне айналды. Сонымен қатар сурет салу өзімді көбірек тануға көмектесті және дүниетанымыма белгілі бір дәрежеде әсер етті, — деп жазады «Кішкентай адамның шындығы» жобасын ұсынған генетикалық ерекшелігі бар психолог және суретші Елена Сережечкина.
Ал Рената Машекенова – психикалық даму ерекшеліктері бар «Действие Буквально» инклюзив театрының кәсіби емес суретшісі және актрисасы, тоғыз жасынан бастап сурет салады және шығармалары арқылы әлем мен қоршаған ортаны бейнелейтін жұмыстар жинағын ұсынды.
«Атам суретші болды, ол интернатта бейнелеу өнерінен сабақ берді. Мені шығармашылықтың осы түріне. Суреттерімді өзгелерге таныстырып, олардың таңдакөру маңызды болды», — дейді Рената Машекенова.